Әлемдегі ең үздік әрі ең қымбат брендтердің рейтингі жарияланды

Brand Finance консалтингтік компаниясы әлемдегі ең үздік әрі ең қымбат брендтердің жаңа рейтингін жариялады. Тізімнің көш басында — Apple компаниясы. Сарапшылардың есебінше, технологиялық алпауыттың құны 607 млрд доллардан асады. Өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға қымбаттаған. Екінші орынға Microsoft жайғасты. Компания брендінің бағасы 565 млрд долларға бағаланған. Ал Google 433 млрд доллармен үздік үштікті түйіндеп отыр. Алғашқы бестікте Amazon мен Nvidia бар. Amazon брендінің құны –369 млрд, ал Nvidia 184 млрд долларға жеткен. Одан кейінгі орындарда TikTok, Walmart, Samsung және Facebook сынды жаһанға белгілі брендтер тұр.

Айта кетейік, рейтингке енген ең үздік брендтердің жартысынан көбі АҚШ-қа тиесілі. Ал 15 пайызы – Қытай, бес жарым пайыздан астамы Германиядан шыққан.
———————————————