Былтыр елде зейнетақы төлеуге 4 триллион теңгеден артық қаржы жұмсалды. Бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақыға 1 трлн 368 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2 трлн 856 млрд теңге бағытталған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір елдегі зейнеткер саны 2 миллион 491 мың адамға жеткен. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 мың теңге шамасында белгіленген. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 мың теңге, ал базалық зейнетақы – 47 мың теңге.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.