Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СӘПИЕВ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ
Бокстан әлем чемпионы Серік Сәпиев соққыға жығылды. Оны өзінің орынбасары жұдырықтаған. Жанжал Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болған. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.
КӨНЕ ҚҰБЫР
38 градус аяз, тозығы жеткен торап. Өскеменнің ескі құбырлары суыққа шыдас бермей, шытынап кетті. Сөйтіп, қақаған қыста екі мың абонент бірнеше күн сусыз отырды. Коммуналдық қызмет өкілдері апатты жою үшін тыным таппады.
ЖАРҚЫН МӘРТЕБЕЛІ БОЛАДЫ
Семей қаласының іргесіндегі Жарқын ауылына ресми мәртебе беріледі. Не қала, не облысқа жатпайтын елдімекен мәселесін арна тілшілері көтерген еді. Осыдан кейін ауыл азаматтарының жанайқайы облыс әкімдігіне жетіп, күрделі жағдай бір айдың ішінде шешілетін болды.
SOLANA CITY
Николь Шерзингер, Тимбэлэнд, Баста Раймс. Әлемдік шоу-бизнес жұлдыздары мамыр айында Астана мен Алматыда концерт қояды. Solana фестиваліне алыс-жақын шетелден он мыңға жуық турист келеді. Ауқымды шараны өткізу үшін Астанада Solana City қалашығы салынбақ.
ҰЛТТЫҚ БРЕНД
Алматы облысында «Қазақ қызы» атты ұлттық бренд қалыптасып келеді. Бұл кәдімгі шұбаттан жасалатын балмұздақ. Оны жергілікті тұрғын өндіреді. Мемлекеттен қолдау көрген кәсіпкер өнім түрін жиырмадан асырды.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.