Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды. Сот процесі жабық режимде өтті. Бұл шешім жәбірленуші тараптың, мемлекеттік айыптаушы және айыпталушының өтініші негізінде қабылданған. Тергеу «Адам өлтіру» бойынша жүргізілген. Істі судья Айжан Күлбаева қарап жатыр.
Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр 30 қазанда болған. Ержан Бабақұмаров пен оның танысының арасында кикілжің туындап, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде алған ауыр жарақаттанған мемлекеттік қызметкер көз жұмды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.