Жәбірленуші тарап Нұрайға тергеушілер тарапынан қысым болғанына сенімді

Нұрай Серікбайды алып қашқан күні «ешкім қысым жасамай, өз еркімен» келгенін айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде лезде тарап кетті. Бұл жазбаны бұрынғы полицей жариялаған. Қызметкер «салғырттық» бабымен қызметінен қуылды. Бұған қатысты жәбірленуші тарап мәлімдеме жасады. Олар мұндай видеоның түсірілгенін біледі. Нұрайға тергеушілер тарапынан қысым болғанына сенімді. Бейнежазба жарияланған соң, дереу полицияға шағымданған.
СҰЛТАН СЕРІКБАЙ, НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫҢ АҒАСЫ:
-Тергеушінің түсіріп алғаны және той секілді қызды күтіп алғаны – ондай видеоның бар екенін біз білгенбіз, айтып өткенбіз. Бірақ бұл материалды не үшін шығарғанын түсінбедім. Бұл видео бізге отбасымызға ауыр тиді. Өйткені Нұрайдың қиналып сөйлегені жүректі ауыртады. Бұл қарапайым адамға да түсінікті деп ойлаймыз, психологиялық түрде және моральдық түрде шаршаған адамның сөйлеп жатқаны. Бұл видео кімге керек, ол жағын түсінбедік, шыны керек.

СЕРЖАН НҰРПЕЙІСОВ, АДВОКАТ:
— Жалпы әлеуметтік желіде тарап кеткен видео жайында біз білдік. Біздің пікірімізше, ол тергеу құпиялығына жатады. Ол бойынша тиісті шағымдар жолданды. Енді тергеу органы оған өз бағасын береді. Тергеу өте сапалы жүріп жатыр, біздің келтірген өтінішхаттар қанағаттандырылды. Жалпы тергеуге сенім білдіреміз, бәрі объективно тергеліп жатыр.
———————————————