Түркістан облысында өз әкесіне күш көрсетіп, 5 жылға сотталған Алмас Садақбаевқа қатысты шығарылған үкімге прокуратура наразылық білдірді. Бұған дейін Шардара ауданына қарасты Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев әкесін ұрып-соғып, қорлағаны үшін сотталған еді. Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда Шардара ауданының прокуратурасы бұл жазаны тым жеңіл деп бағалап, үкімді қатаңдату мақсатында апелляциялық наразылық жасады. Қазіргі таңда іс апелляциялық сатыда қайта қаралып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.