OrdaMed АҚ басшылығы елде жалған өндіріспен айналысқан

Сайда саны, құмда ізі жоқ. Фармацевтика саласындағы қылмыстық схема әшкереленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, «OrdaMed» акционерлік қоғамының басшылығы елде жалған өндіріспен айналысқан. Олар 28 түрлі медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізуге заңсыз преференция алған. Алайда аталған медициналық құрылғылардың шетелден дайын күйінде әкелінгені анықталды
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Медициналық бұйымдарды, отандық өндірсті жалған көрсетуге негізделген ауқымды схема әшкереленді. Сот санкциясымен компанияның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
———————————————