Шымкентте 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты іс бойынша іздеуде жүрген тағы үш адам қолға түсті. Ақпаратты қорғаушы тараптың адвокаты Талғат Есімов растады. Күдіктілер Түркістан облысы Түлкібас ауданынан табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Еске салайық, қайғылы оқиға 20 қаңтарда жол-көлік оқиғасынан кейін болған еді. Жүргізушілер арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Салдарынан белгілі күрес жаттықтырушысының ұлы Василий Колесников қаза тапты. Бұған дейін бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, өзгелеріне іздеу жарияланған еді. Жалпы оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.