Рудныйда 19 жастағы жігітті таныстары пышақтап кеткен

Қостанай облысында елді дүрліктірген кісі өлтіру дерегі тергеліп жатыр. 19 жастағы жігітті Рудныйдағы көпқабатты үйдің кіреберісінде пышақтап кеткен. Оның денесі өткен жұмада табылды. Қылмысқа қатысы бар деген екі жасөспірім бір тәуліктен соң Көкшетау қаласында ұсталды. Полицияның мәліметіне сүйенсек, жастар бір-бірін таниды. Қылмысқа үшеуінің арасындағы жанжал себеп болған.
ЕРЛАН СЕРАЛИН, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар анықталды. Оларды ұстау мақсатында ҚР бүкіл аумағындағы полицияның жеке құрамы бағдарланды. Тиісті шаралар қабылдануда.
———————————————