Ақтөбе – Орынбор трассасындағы жол апатынан 4 адам қаза тапты

Ақтөбеде республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Орынбор» автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. Оның үшеуі жолаушы болса, біреуі – жүргізуші. Тағы екі жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, Ақтөбеден Мәртөк ауылына қарай бет алған Honda Odyssey қарсы жолаққа шығып кетіп, әуелі Hyundai Solaris-ке, кейін ВАЗ көлігіне соғылған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция тергеуді бастады.
ЖАНДОС МАРАТҰЛЫ, ТРАВМОТОЛОГ:
— Бұл ДТП бойынша біздің ауруханаға екі науқас түсті. Бір науқас нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан науқаста бас миының жарақаты, қабырға сынықтары, сан, жамбас және балтыр сүйектерінің сынықатары бар. Түскен кезде оперативті ем жасалды.
———————————————