Оралда жаяу жүргіншілер жолы мұзды сырғанаққа айналды

Оралда қала ішіндегі жаяу жүргіншілер жолы мұзды сырғанаққа айналды. Оған себеп, жауған қардың уақытылы тазаланбауы. Салдарынан көк мұзға тайып құлап, түрлі зақым алғандар саны күрт артқан. Қыс басталғалы мыңға жуық тұрғын дәрігердің көмегіне жүгінген. Солардың 400-ге жуығы аурухана кереуетіне таңылған. Жарақат алушылардың көбейуіне байланысты бұл сан ұдайы өсу үстінде. Тек облыстық көпбейінді аурухананың өзіне тәулігіне орташа есеппен мұзға тайып, майып болған 40 – 50 адам жеткізіледі екен. Қаңтар айының өзінде 443 адам медициналық мекемеге жүгінген. Ақхалаттылар: «Тұрғындар құлаған жағдайда қолды тік ұстамай, басын қорғаған жөн. Таймайтын аяқ киім киіп, қысқа адыммен жүру керек. Ең бастысы, шұғыл түрде дәрігерге қаралу денсаулықтың кепілі», — дейді.
———————————————