Атырауда ауа ластанып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде демалу мүмкін емесін айтып, дабыл қақты. Мамандар жүргізген зертханалық талдау нәтижесінде ауадағы күкіртсутек нормадан бірнеше есе асып кеткен. Мысалы, Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылында 17,5 есе, ауылға іргелес аумақта 15 есе, ал Химиктер ауылында 36,3 есе асқаны анықталды. Ауаның ластануына Атырау мұнай өңдеу зауыты кінәлі. Облыстық экология департаментінің мамандары да осындай болжам айтып отыр. Енді жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ал Атырау мұнай өңдеу зауытының хабарлауынша, зауыт аумағында ауадағы ластаушы заттар шектен аспаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.