Жәбірленуші тарап Нұрайға тергеушілер тарапынан қысым болғанына сенімді | 26.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ
Конституциялық реформаға байланысты екі мыңнан астам ұсыныс түсті. Бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтті.

РИДДЕРДЕГІ КІСІ ӨЛІМІ
Қостанай облысындағы жантүршігерлік кісі өлімі. 19 жастағы жігітті көпқабатты үйдің жанында пышақтап кеткен 2 жасөспірім ұсталды.

ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕГІ ЗАУЫТ
Сайда саны, құмда ізі жоқ. «OrdaMed» компаниясы 28 түрлі медициналық жабдық құрастырамыз деп жалған құжат жасап, мемлекеттің миллиардтаған қаржысын қолды қылған.

РЕВИЗИЯ БАСТАЛДЫ
Елімізде 10 мыңнан астам адам мүгедектік төлемін құйтырқылық жолмен алған. Енді мұндай заңсыздық болмайды. Әлеуметтік көмекті тек цифрлық жүйе мен тәуелсіз комиссия бақылайды.

САҢЫРАУҚҰЛАҚ ӨНДІРІСІ
Саңырауқұлаққа деген сұранысты жоямыз. СҚО шаруалары инновациялық ферма арқылы тонналап шампиньон мен компост өсіре бастады.