Жаркентте 4 жасар баласын батареяға байлап, соққыға жыққан әйел екі айға қамалды

Жаркент қаласында 4 жасар баласын батареяға байлап, соққыға жыққан әйел екі ай қамалды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. Бұған дейін әйелді қамауға алғанын айтқан болатынбыз, қазір нақты уақыты белгілі болды.
Айта кетейік, бүгін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды, оның ішінде психиатриялық тексеру де бар. Әзірге қорытынды дайын емес. Кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша «Азаптау» бабымен іс тіркеліп, тергеу жалғасып жатыр.
———————————————