Көпбалалы отбасы балалары балабақшаға қашан тегін барады?

Көпбалалы отбасы балалары балабақшаға қашан тегін барады? Жұлдыз Сүлейменова брифингте біздің тілшінің сұрағына жауап берді. Төрт және одан көп баласы бар отбасы бүлдіршіндері былтыр жыл бойы бақшаға ақысыз барып жүрген. Ал жаңа жылдан бастап, бұл жеңілдіктен қағылды.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
— Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Абай облысы, Алматы облысында болған мәселелер қазіргі таңда шешілді. Бірақ бүгінгі таңда маған да көптеген ата-анадан хаттар келіп жатыр. Енді біз бұны әкімдіктермен, әкімдіктердің бюджеттік мүмкіндігіне байланысты шешеміз.
———————————————