Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесін соққыға жыққан

Мүлікті қиратып, әйелін соққыға жыққан. Отбасылық жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ер адамның әйелді қуып жүріп, таяқпен аяусыз сабағаны көрініп тұр. Таяқ жеген әйел үйіне қашып кірген кезде көмекке келген оның анасы да соққыға жығылады. Оқиға Қаскелеңде болған. Сонымен қатар ер адам әйелдің күйеуі екені, қазір ажырасып жатқаны айтылады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«31 жастағы тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мен жұбайының арасында жанжал болғаны анықталды. Әйел мен анасына дене жарақаты салынған, сондай-ақ мүлікке қасақана зиян келтірген. Қылмыстық Кодекстің екі бабымен іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр».
———————————————