Қазақстанның саяси жүйесін түбегейлі жаңарту басталды

Президент бастамасымен Ұлттық Құрылтайдың өтуі Қазақстанда үлкен саяси реформалардың іске асуына ықпал етті. Елімізде Конституциялық реформаға қатысты маңызды кезең басталып кетті. Конституциялық комиссияның отырысында бір палаталы «Құрылтайдың» функциясы мен құрамы, вице-президент лауазымының мемлекеттік биліктегі орны, заң шығару бастамасын көтеруге хақылы «Халық кеңесінің» құзыреті қандай болатыны айтылды. Қазақстанда жүріп жатқан саяси жаңғырудың шынайы ауқымын айқын көрсететін Конституцияның 40-тан астам бабын қамтитын өзгерістердің күн тәртібіне шығуы – жекелеген түзетулер емес, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі қайта қарауға бағытталған тарихи қадам. Президенттің өзі атап өткендей, бұл үдеріс жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар. Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, заңгерлер, өңірлік мәслихат төрағалары, қоғамдық кеңес өкілдері мен медиа саласының басшыларының енуі өзгерістердің бір орталықта емес, бүкіл қоғамның қатысуымен пісіп-жетілетінін білдіреді. Бұл – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асуы. Аталған өзгерістерді ел тұрғындары да құптап отыр.
———————————————