Абай облысында қайтарылған актив есебінен 25 нысан тұрғызылмақ. 23 млрд теңге бөлінді. Құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Семейдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан ашылған 100 орындық қосымша корпус. Ғимаратта 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар науқас пен I–II топтағы мүгедек ем алады. Жобаның құны – 2,6 млрд теңге. Жаңа корпус санитариялық талапқа сай жабдықталып, қызмет алушының тұрмыс жағдайын, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
АЙМАН НҰРЛЫБЕК, ЖҚӘБҮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бізде әлеуметтік саладағы стандарттарға сай сегіз түрлі қызмет көрсетіледі. Ол арнаулы педагогикалық, арнаулы медициналық, әлеуметтік психологиялық және әлеуметтік заң жүзіндегі қызметтер. Қазіргі таңда осы орталыққа кезекке тұрған азаматтардың саны – 100 адам.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.