Қазақстандық әуе компанияларға Иран әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды. Азаматтық авиация комитеті осындай ақпарат таратты. Бұған Ислам республикасындағы тұрақсыздық себеп. Сондықтан барлық рейс қауіпті аймақты айналып өтуге міндетті. Бұл талап қауіп деңгейінің өзгеруіне қарай алынады.
Қытайда жер сілкінді. Ганьсу провинциясында болған зілзаланың магнитудасы 5,5 балға жеткен. Соның салдарынан үйлердің қабырғасы қақырап, жарылған. Қазір аймақтағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Осы уақытқа дейін 20 мыңнан астам адам эвакуацияланып үлгерген. Қыс ортасында далада қалған жұрт уақытша баспаналарда түнеуге мәжбүр. Жергілікті билік апаттан келген шығын көлемін есептеуде. Оқиға орнында жүздеген құтқарушы, арнайы техникалар жұмыс істеп жатыр.
АҚШ-та бораннан 29 адам көз жұмды. Техас штатынан Жаңа Англия штатына дейінгі аумақта қазір жағдай қиын. Массачусетс пен Пенсильванияда қардың қалыңдығы 58 сантиметрге жеткен. Оңтүстік аймақтарда электр желілері үзіліп, 800 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Университеттерде сабақ тоқтады. Кейбір штатта мектептер қашықтан оқып жатыр. Синоптиктер: «Аяз аптаның аяғына дейін созылады», — дейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.