Алматыда футбол жанкүйерлері FIFA кубогын тамашалады

Алматыда 3 мыңнан астам жанкүйер футболдан әлем чемпионатының кубогын тамашалады. Кубокты FIFA-ның ресми өкілдері мен футбол аңызы Марко Матерацци алып шықты. Таза алтыннан жасалған кубок бірнеше сағат бойы Республика сарайына қойылды. Дәстүр бойынша трофейге тек әлем чемпиондары мен мемлекет басшылары ғана қол тигізе алады. FIFA өкілдері 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы шеруде 75 қаланы қамтитынын атап өтті.
СЕРКАН ДИЛЕК, «КОКА-КОЛА ҚАЗАҚСТАН» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Біздің компания бұл кубоктың қай елге баратынын таңдауға мүмкіндік алды. Біз Алматыны нарықтағы ең маңызды қала ретінде таңдадық. Бұл – үлкен қала, Қазақстан – үлкен ел, ал Coca-Cola компаниясы үшін бұл – өте ауқымды нарық. Сондықтан біз үшін кубоктың дәл осы қалаға келуі маңызды болды. Биылғы 75 қаланың ішінде Алматының болғанына қуаныштымыз. Осы арқылы халықтың спортқа деген қызығуышығын арттырғымыз келеді.
———————————————