Жасөспірімді зорлау ісі: Шымкент полициясы істі жабуға тырысқан | 27.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӘКЕСІ ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ
Абыройыңнан айырыласың! Шымкенттегі аудандық полиция жасөспірімді алып қашып, зорлаған жігіттің ісін жауып тастаған. Әкесі әділдік іздеп құқық қорғаушыларға шағым түсірді.

ӘЙЕЛ ЕКІ АЙҒА ҚАМАЛДЫ
Жетісу облысында 4 жасар баласын батареяға байлап, соққыға жыққан әйелді қамау уақыты екі айға созылды. «Азаптау» бабымен іс тіркеліп, тергеу жалғасып жатыр.

ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ
Мектеп оқушылары құқығы қорғалады. Оқу-ағарту министрі «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын таныстырды. Оқушыларға қандай көмек көрсетіледі? Сәлден соң…

ЖЕР ДАУЫ
Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан кейін жаңа үйге қол жеткізген 700-ге жуық отбасы әлі күнге дейін жер телімін заңдастыра алмай отыр. Құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар бүгін шағымын айтты.

КУБОК КӨП НАЗАРЫНДА
Алматыда 3 мыңнан астам жанкүйер футболдан әлем чемпионатының кубогын өз көзімен көрді. Таза алтыннан жасалған трофей Республика сарайында бірнеше сағатқа қойылды.