«Заң мен тәртіп» апталығы аясында «Көшпелі қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында «Көшпелі қабылдау» акциясы ұйымдастырылды. Көлік прокуратурасы мен полиция бірлесе ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Аталған шараға осы жолы Астана теміржол сапаржайы таңдалып алынған. Бұған себеп те жоқ емес. Мәселен, өткен жылы көлікте қаруды, оның ішінде суық қаруды заңсыз сақтау, алып жүру бойынша 213, жалған терроризм бойынша 15 дерек тіркелген. Көлік инфрақұрылымы объектілерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін тиісті орган қызметкерлері пойызда жолаушылармен кездесті. Оларға көлікте жиі жасалатын құқық бұзушылықтар жайлы айтылып, салдары түсіндірілді. Арнайы әзірленген ақпараттық парақ таратылды.
ҒАСЫРБЕК КӨШЕРБАЙ, АСТАНА КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
– Халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында негізгі құқықтық ережелер қысқа әрі қолжетімді түрде ақпараттық парақшаларда баяндалған. Олар жолаушылар пойыздарының вагондарында және вокзалдарда таратылады.

БАҒИЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ЖОЛАУШЫ:
– Қару жарақ түгілі, пышақтың өзі қару болып есептеледі. Ұстауға болмайды. Елімізде тыныштық болсын! Әсіресе, пойызда түнде де жүресің, амандық болсын. Ескерту оқыдым. Өте жақсы. Немерелеріме беремін. Оқытамын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал