1991 жылдан бері елге 1 164 800 этникалық қазақ көшіп келген

2025 жылдың қорытындысы бойынша 17 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері елге 1 млн 164 мың 800 этникалық қазақ көшіп келген. Қоныстанған қандастарға көшуге 70 айлық есептік көрсеткіш, ал тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемге 15 пен 30 аралығындағы айлық есептік көрсеткіш көлемінде субсидия беріледі. 2025 жылы 1 834 қандасқа қолдау көрсетіліп, оның 428-і тұрақты жұмысқа орналасты. Айта кетейік, былтыр қоныс аударушылардың көшін Өзбекстаннан келген қазақтар бастады. Одан кейін тізімді Қытай, Түрікменстан, Моңғолия және Ресей жалғады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал