Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласында 85 шақырым электр желісінің ешқандай мекеменің баласында жоқ екендігі анықталды. Трансформаторлық қосалқы станциялармен сымдардың 30 жылдан астам уақыт меншік иесі болмаған. Қараусыз қалғандықтан мүлдем жөндеу көрмеген. Салдарынан бірнеше шағын ауданда жарық жиі сөнетін. Бұл нысандар қаланың бас жоспарына да енбепті. Сондықтан әкімдік өкілдері оларды түгендеп, жеке компанияның меншігіне беріп жатыр. Жалпы бүгінгі күні шаhардағы электр желісінің ұзындығы 700 шақырымға жуықтайды.
ҚАНЫБЕК ТӨЛЕУХАН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл желінің барлығын қаланы электр энергиямен қамтушы кәсіпорынға береміз. Ол шамамен 85 шақырым. Бүгінде мемлекеттік акті секілді тиісті құжаттың барлығы дайындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.