Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген бір сарбаз көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жауынгер қару ұстау кезінде жарақат алып, мерт болған. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылды. Бөлімшеге арнайы комиссия барды. Іс бас прокурордың жеке бақылауында.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Өскемен қаласында да мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзін-өзі атып өлтірген болатын.
МЕРЕКЕ КӨШЕКБАЕВ, ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:
— Марқұмның отбасына барлық қажет көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның барысында болған оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.