Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі адам көз жұмды

Қарағандыда газ баллоны жарылып, зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлер денесін түгел күйік шалғанын айтқан.
Еске салайық, апта бұрын қаладағы жылдам тамақтанатын дүңгіршекте 17 литрлік газ баллоны жарылды. Тағы екі баллон шығарылды. Жарылыстан 4 адам зардап шекті. Дүңгіршектің иесі, екі курьер және сауда жасап тұрған қала тұрғыны. Біреуі емделіп шықты, тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал