Ақтөбе облысына қарасты Хромтау қаласында 5 адам зардап шеккен дәмханадағы жарылыстан кейін рейд басталды. Полицейлер мен төтенше жағдай қызметкерлері қоғамдық тамақтану орнын аралап, иесіне газ баллонын пайдаланғанда қауіпсіздікті қатаң сақтау керек екенін түсіндірді. Жыл басталғалы аймақта 33 өрт болды. Оның үшеуінде газ баллоны дұрыс пайдаланылмаған.
Дәл бүгін Ақтөбе қаласындағы газ құю бекетінде Газель көлігі өртенді. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.