Жүргізуші: Ғани Мұқашұлы — https://www.instagram.com/gani_mukashuli
ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ
Елімізде 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көзінің үлесі 50 пайызға жетеді. Жуырда 4 бірдей жасыл электр стансасы салынады. Мәжіліс жаңартылатын энергия саласына қатысты маңызды құжатты қабылдады.
ИНЕМЕН ҰЙЫҚТАТПАҚ БОЛДЫ
Шымкентте баланы инемен қорқытып ұйықтатпақ болған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиға бойынша жедел кеңес өткізіліп, тергеуді ашық жүргізу туралы мәселе көтерілді.
ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
Бір жыл ішінде 17 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Отбасының әр мүшесіне атамекенге көшуіне, үй жалдауына және коммуналдық төлеміне мемлекет арнайы субсидия бөлді.
РОБОТ ИТ
Астанадағы қоғамдық орындардан, ірі сауда орталықтарынан итке ұқсас роботты көрсеңіз, таңғалмаңыз. Енді елордадағы қауіпсіздікті кәдімгі құлтемір қадағалайды.
ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК ҰСТАЗ
Алматылық химия пәнінің мұғалімі әлемдегі ең үздік 50 ұстаздың қатарына енді. Ерен еңбегімен көзге түскен педагогты ел Президенті құттықтады. Үлгілі мұғалімнен біздің тілшіміз де өнеге алды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.