Жаңа аялдаманы қиратты

Қонаев қаласының тәртіп сақшылары жаңа аялдаманың есігін теуіп сындырып, қашып кеткен ер адамды ұстады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында бұзақы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол заң алдында жауап береді. Кезекті вандализм дерегімен «бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Кезекті дейтін себебіміз, мұндай оқиға Қонаевта жиі қайталанады. Вандалдар өткен жылы да қаладағы қоғамдық көлік тоқтайтын аялдаманың бірін қиратып кеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал