Алматыда жекеменшік мектептің бірінде оқушы өз-өзіне қол салмақ болған. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы баланың әкесі Қанат Амиркин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол психологиялық қысымның жыл бойы жалғасқанын айтқан. Мәселені шешу үшін мектеп әкімшілігіне бірнеше рет шағымданған, алайда нәтиже жоқ дейді. Әкесінің айтуынша, қызын сабақ үстінде сыныптастары мазақ еткен, қысым көрсеткен. Кейбірі өздері буллингке ұшыраудан қорқып, араша түспеген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.