Буллингтің ақыры өз-өзіне қол салумен аяқталатынын көріп отырмыз. Кеше ғана мектептегі буллинг туралы «Чаттағы текетірес» тақырыбында арнайы репортаж бердік. Авторы – Гүлвира Сейтен. Әріптесіміз буллингтің 2-сынып оқушылары арасында болғанын да анық көрсетті. Психологтан сұрады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен сөйлесті. Әлеуметтік желіде миллиондаған қаралым жинаған материал мәселенің өршіп тұрғанын көрсетеді. Қазір психологиялық қысым көрген оқушының анасының әңгімесін қайта тыңдап көрейкші.
ЛИЛИЯ ҚАЙЫРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қызымның аты – Әсел. Чатта оның есімі қайта-қайта жазылған. Оған не істемек болғанын дауыстап айтуға да қорқамын, сөздері өте қорқынышты. Ешкім мұның 2-сынып оқушылары жазғанына сенбейді, бірақ расымен солай. Менің балам ол чатта жоқ. Онда үш қыз бар, кейін бір ұлды қосқан. Сол ұлдың анасы маған хабарласып, бәрін көрсетті. Дүйсенбі күні жұмыстан кейін мектепке бардым. Жиналыс кезінде ата-аналар маған жабылды. «Бұл оқиғаны жария еткенің үшін өзің кінәлісің», — деді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.