Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сталкинг бабы бойынша іс қозғалды

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сталкинг бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты мәлімдеді. Осылайша, күдіктіге үш бап бойынша айып тағылды. Олар – «Адам өлтіру», «Алып қашу» және «Сталкинг» баптары. Қазір Нұрай ісіне қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайы анықталатынын хабарлады. Жалпы, сталкинг бабы жәбірленушіні аңду, психологиялық қысым көрсету сияқты әрекеттерді қамтиды. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – 50 тәулікке қамау. Адвокат Аянхан Омаров: «Бұл – өте жеңіл жаза», — дейді.
АЯНХАН ОМАРОВ, АДВОКАТ:
— Сталкинг Нұрайға қатысты бірнеше рет жүйелі түрде орын алған. Және оны некеге мәжбүрлеу оқиғасынан кейін басталған және ол Нұрай қайтыс болған күнге дейін жалғасын тауып келген. Осы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотта ісі қаралатын кезде кінәлі адамның жазасына әсер етеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал