Жаңаөзендік тұрғын аурухана дәрігерін пышақтап тастады

Жаңаөзендік тұрғын тал түсте аурухана дәрігерін пышақтап тастады. Әріптестері аман алып қалуға тырысқанымен, 29 жастағы дәрігер-терапевт ауыр жарақат салдарынан тіл тартпай кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға марқұмның кәсіби қызметіне қатысы жоқ, тұрмыстық жанжалдан туындаған. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның мұнай саласында жұмыс істейтіні, ал оның әйелі осы ауруханада медбике екені белгілі болды. Қанды оқиғадан соң күдікті өз еркімен полиция бөліміне барып, жасаған қылмысын мойындаған.

Аурухана ішінде 29 жастағы дәрігерді еске алу бұрышы жасалған екен. Әріптестері марқұмның жұмысына адал, өте ұқыпты болғанын айтады.

МАРАТ ЭДЕЛЬХАНОВ, ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ КҚПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Жұмысына өте жауапты, ұқыпты, тілалғыш еді. Жас мамандардың арасында өзінің алғырлығын, білгірлігін көрсете білген еді. Үміт күттірер жас дәрігерлердің бірі болды. Өкінішке қарай осындай жағдай орын алды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оның барлығына құқық қорғау органдары жауап береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал