Д. Еспаева: Бізге жаңа Конституция қажет

Бүгін Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа Ата Заң мәселесін қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева: «Жекелеген түзетулер емес, жаңа Конституция қажет», — деді.

Естеріңізде болса, кеше Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында Преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерді. Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал