«OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды

«OrdaMed» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды. Бұған дейін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті дәл осы мекемеде медициналық бұйым өндіріледі деген желеумен қыруар қаржы қымқырылғанын мәлімдеген болатын.
Тергеу деректеріне сәйкес, компания өкілдері жалған құжат жасау арқылы мемлекеттік мекемелерге медициналық жабдықтың 28 түрін жеңілдетілген шартпен жеткізуге келіскен. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдықтар шетелден әкелінген. Соның салдарынан мемлекетке 4,5 миллиард теңге көлемінде залал келтірілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал