Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігін іске асырудың былтырғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, елде сот төрелігінің сапасы тұрақты түрде сақталған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс саны 11,8 пайызға азайған. Сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 63,2 пайызға дейін өскен. Өз кезегінде Президент «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың, қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырудың маңызын атап өтті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал