Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімін қабылдады. Басқосуда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Дархан Сатыбалды былтыр қысқамерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін айтты. Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскенін жеткізді. Кездесу соңында Президент Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.