Оралдық блогер сот алдында жауап беріп жатыр

Оралдық блогер сот алдында жауап беріп жатыр. 42 жастағы қала тұрғыны әртүрлі жағдайға тап болған адамның сеніміне кіріп, қызметіне ақша алып отырған. Күдікті оңай жолмен ақша табу туралы жымысқы әрекетін бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келген. Оның қармағына іліккендер қанша екені белгісіз. Бүгінгі сот отырысына онға тарта жәбірленуші келді. Олардың арасында бірнеше ауданның әкімі, мемлекеттік қызметкер де бар. Әлеуметтік желі арқылы өзін блогермін деп жария еткенге сенгендер қаражат аударып отырған. Ал ол жиналған ақшаны жеке басына және букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған. Сұраған соманы бермегендерге түрлі қоқан-лоққы көрсеткен. Оның бұл әрекеті ақыр соңында, әшкере болды. Кезекті рет оңай ақшаны олжалаған сәтте ұсталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал