Жетісу облысында Алакөл ауданы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде лауазымды тұлға іс жүзінде орындалмаған жұмысты қабылдап, актіге қол қойған. Осылайша, бюджет есебінен 189 миллион теңге мердігер компанияға заңсыз аударылған.
ЕРАСЫЛ ОҢДАБАЕВ, ПРОКУРОР:
— Нәтижесінде, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Алакөл ауданы сотының үкімімен кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз мемлекеттік қызметке, судья лауазымдарына және өзге де уәкілетті органдарда лауазымдарды атқару құқынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.