Алматыдағы автобуста ұры жолаушының 4 млн теңгесі мен алтын әшекейлерін қолды қылды

Алматыда қалта ұрысы ұсталды. Ол автобуста тұрған жолаушы әйелдің сөмкесінен 4 миллион теңге мен алтын әшекейлерді қолды қылған. Ұрлық қоғамдық көліктегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Көп ұзамай полицейлер күдіктіні анықтап, өз үйінде жүрген жерінен қолға түсірді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Қалта ұрысы әйел адам болып шықты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал