Жеті жұрттың тілін білсең, жеті түрлі ілім білесің деген қағидалы сөз Тараз қаласында келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші Бахтиярхан Тұрсынходжаеқа арналғандай. 22 жастағы жауынгер 7 тілді еркін меңгеріп алған. Қазақ және орыс тілдерін мектепте оқып жүргенде үйренсе, әзербайжан мен өзбек тілін ата-анасымен бірге күнделікті қарым-қатынаста қолданған. Себебі бұл олардың ана тілдері екен. Бахтиярхан әлемнің 10 елінде болып, сапар барысында ағылшын және түрік тілдерін де меңгеріпті. Осы білімінің арқасында ол әртүрлі ұлт өкілімен еркін сөйлесе алады. Оның айтуынша, бір тілді меңгеруге орта есеппен бірнеше ай кетеді. Әскерде оған еліктеп, бірнеше тілді меңгеріп алған сарбаздар да бар екен.
БАХТИЯРХАН ТҰРСЫНХОДЖАЕВ, 5513 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРІ:
— Өзбек, қазақ, орыс, түрік, азербайжан тілдерін білемін. Францияда жұмыс істегенмін. Көше тілін білемін. Қазіргі таңда француз және испан тілін үйреніп жатырмын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.