Жеке мектептерге берілетін мемлекеттік қолдау қайта қаралады | 29.01.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ДӘРІГЕРДІ ПЫШАҚТАДЫ
Жаңаөзендік тұрғын тал түсте аурухана дәрігерін пышақтап тастады. Жанжалға қызғаныш себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Күдікті қылмысын мойындап, полицияға өз аяғымен барған.

АВТОБУСТАҒЫ ҰРЛЫҚ
Алматыда автобуста ұрлықшы жолаушының 4 миллион теңгесі мен алтын әшекейлерін қолды қылды. Күдікті әйел ұсталды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

СУБСИДИЯДАН ҚАҒЫЛАДЫ
Жекеменшік мектепті қаржыландыру ережесі өзгерді. Енді жекелеген оқу орындарының қателігі үшін адал жұмыс істеп отырған басқа білім беру ұйымдары субсидиядан қағылуы мүмкін. Кейбір жекеменшік мектеп өкілдері өзгенің қателігі кесірін тигізе ме, деп қорқады.

ТАЛАП ӨЗГЕРДІ
Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану тәртібі өзгерді. Енді зейнетақы шегінен асқан соманы ай сайынғы қарыз төлеміне жұмсауға болмайды. Бұрын азаматтар төлем күні қарыздың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеп, ай сайынғы төлемді жаба алатын.

ПОЛИГЛОТ ЖАУЫНГЕР
Жеті тілді білетін жауынгер. Таразда 22 жастағы әскери қатарластарына өзге тілді тез үйренудің тәсілін түсіндірді. Ендеше полиглот болудың ең оңай әрі төте жолы қайсы?

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал