Қосшыда би сабағы кезінде 10 жастағы қыз бала қайтыс болды

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде би сабағы кезінде он жастағы қыз бала қайтыс болды. Өзін жайсыз сезінген кезде ата-анасына хабар берілген. Жедел жәрдем шақырылған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қайғылы жағдайдың мән жайы тексеріліп жатыр.
АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болу фактісі Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Тексеріс нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатынады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал