Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде болған, қоғамда үлкен резонанс тудырған жағдай жеке дау аясынан шығып, депутаттық корпустың деңгейінде ашық талқыланатын мәселеге айналды. Оған мектеп оқушысының әкесінің әлеуметтік жазбасы себеп болды. Ол қызының ұзақ уақыт бойы буллингке ұшырап, соның салдарынан суицид жасауға талпынғанын хабарлаған. Алайда Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, бұл жерде бір ата-ананың эмоциясы емес, жекеменшік білім беру ұйымдарының жауапкершілігіне қатысты жүйелі мәселе көтеріліп отыр.
ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Қандай мектеп болмасын – мемлекеттік пе, жекеменшік пе – ең алдымен, бала өзін қауіпсіз сезінетін орта болуы керек. Формалды түрде, қағаз жүзінде емес, шынайы өмірде: қорқынышсыз, қысымсыз, қорлаусыз және ересектердің салғырттығынсыз. Маңызды бір қағиданы түсіну қажет: мектептің жекеменшік формасы баланың құқықтарын қорғауға қатысты конституциялық міндеттерден босатпайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.