Түркістан облысында үш полиция қызметкері 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қызметтік тексеру нәтижесінде бірден жұмыстан босатылған. Желідегі бейресми мәліметтерге сүйенсек, есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері моншада мас күйде қызға зорлық көрсеткен.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, жәбірленушінің арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталып, бұрынғы полиция қызметкерлерінің оқиғаға қатыстылығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Сонымен қатар ол қызметтік тексеру нәтижесімен полицейлер ішкі істер органдарынан шығарылғанын хабарлады.
ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШЕВ, ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы бары толық тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеуден кейін түбегейлі құқықтық баға беріледі. Мән-жайды жан-жақты, толыққанды және объективті анықтауға бағытталған тергеу кешені жүргізіліп жатыр. Істі Ішкі істер министрі жеке бақылайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.