Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей жоғары лауазымды шенеунік қамауға алынды. Оның бірі – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану күдігімен тергеуге алынды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ол жол-құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталған.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен 121,9 миллион теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленген. Аталған өңірде тағы бір шенеунік қамауға алынды.
Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестациядан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.