Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер форумында сөз сөйледі. Елде 2020 жылы 50 мың волонтер болса, қазір олардың саны 300 мыңға жеткен. Волонтерлер экология, мәдениет, білім сияқты түрлі салада маңызды бастамаларға қатысып жүр. Президент волонтерлікті одан әрі дамытып, халықаралық деңгейде жаңа платформалар құру қажеттігін айтты. Ол волонтерлік қызметте жаңа технологияларды кеңінен пайдалану, халықаралық ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру міндетін қойды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев адал азаматтық істерге құрмет білдіріп, осы бастамаларды қолдау үшін үкіметке нақты тапсырма берді. Айта кетейік, биыл бүкіл әлемде Халықаралық еріктілер жылы аталып өтіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал