ШҚО-да автомобиль жолдарының мың шақырымға жуығы цифрландырылды

Шығыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарының мың шақырымға жуығы цифрландырылды. Жасанды интеллект элементтері бар арнайы жүйеге республикалық маңызы бар негізгі тас жолдардың жай-күйі туралы дерек енгізілді. Мамандар бір жыл бойы жол жабындысын жан-жақты зерттеді. Фото және бейнеесептер жасалып, жол жамылғысына арнайы датчиктер орнатылды. Аталған құрылғылардан алынатын мәліметтер жолдардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау үшін де қолданылмақ. Бұл асфальттың ені мен тығыздығына қойылатын талаптарды сақтауға жол ашады. Жобаны жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірледі. Алдағы уақытта оны кеңейту қарастырылған.
ДАРХАН МҰРАТБЕК, ЖОЛ АКТИВІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Бұл жүйе пайдаланудағы жол жамылғысының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Ол жоғары дәлдіктегі деректерді ұсынады. Бұрын сегіз сағат ішінде шамамен он шақырым жолды өңдесек, қазір осы уақыт аралығында 100 шақырымға дейін қамти аламыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал