TikTok-та «емші» болып ақша тапқан Астана тұрғыны сотталды. Өзін экстрасенс ретінде таныстырған ер адам әлеуметтік желі арқылы жұртты алдаған. Тергеу дерегінше, ол TikTok-та аккаунт ашып, денсаулық мәселесін «ерекше қабілетпен» емдеймін деп сендірген. Осылайша үш жәбірленушіден 5,5 миллион теңгеден астам ақша алған. Алайда қаржы емге емес, букмекерлік кеңселердегі бәске жұмсалған. Өтірік емші алданған жұрт арыз жазғаннан кейін ұсталды.
ДИНАРА ТӨКЕЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді. Прокуратура азаматтарды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және мұндай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.