Денсаулық сақтау министрлігі барлық медициналық жазбаға электронды цифрлық қолтаңбаны енгізуді кейінге қалдырды. Жаңа жүйе дәрігерлер үшін «бір батырмамен» жұмыс істейтін жеңіл форматқа көшкеннен кейін ғана іске қосылады. Қазіргі жүйе медицина қызметкерлеріне қолайсыз деп танылды. Министрлікте оны оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр. Электронды сандық қолтаңба кезең-кезеңімен енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін біздің арна тілшілері бұл мәселені көтеріп, жаңашылдыққа дәрігерлердің дайын еместігін айтқан болатын. Жаңа талапты 1 ақпаннан бастап, іске қосу жоспарланған еді.
ӘСЕЛ ҚЫДЫРӘЛИЕВА, ДСМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Медициналық қызметкердің жүктемесін көбейтпеу мақсатында оңтайландыру процестері жүріп жатыр. Оңтайландыру біткеннен кейін ғана барлық медициналық ұйымдағы қызметкерлерден талап етіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.